Әріптеске құрмет

20141003-12-5Жақында Б.Бұлқышев атындағы орталық кітапхана ұжымы білікті маман Марал Серкебаеваның зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты құрмет көрсетті.

Осы салада 37 жыл атқарған еңбегін әріптестері жоғары бағалай отырып, Марал Рахымбекқызына құттықтауларын жеткізіп, Алғыс хат пен естелік сыйлық тапсырды.

Бүгінде кітап қорын толықтыру бөлімінде жемісті еңбек етіп жүрген М.Серкебаева алғаш рет еңбек жолын Ұлытау аудандық комитетінің кітапханасында бастаған. Мәдениет саласының ардагерлерінің тәлімінен өткен ол 90-шы жылдардағы тоқырау кезеңде орталық кітапхана жүйесінің қызметін жандандыруға үлес қосты.

Кітапхана саласында атқарған еңбегі бағалаусыз қалмады. Бірнеше мәрте мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттары мен қала әкімінің Құрмет грамоталарын иеленді. Биыл ғана мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күнінде «Мамандығына адал» номинациясы бойынша қала әкімінің арнайы сыйлығын алды.

Ұжымда сыйлы Марал Рахымбекқызы отбасында асыл жар, мейірімді ана, ардақты әже. Жолдасы Өмірбек екеуі ұл-қыз өсіріп, олардан немере сүйіп отыр.

З.Арыстанова, библиограф.

Комментарии закрыты.