Құрметті мұсылман қауымы! Уважаемые мусульмане!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

От всего сердца поздравляем вас с праздником – Курбан айт!

 

Құрбан айт — Аллаға жалбарыну, адамның иманын күшейту және сабырлық күндері. Бұл мереке адамзат баласын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбіршілікке, өзара келісім мен кешірімге шақырады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының негізінде тату-тәтті тіршілік кешіп жатқан ұлт пен ұлыс, түрлі діни конфессия өкілдері осынау адами асыл құндылықтарды басшылыққа алады.

Үш күн бойы аталып өтетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Құрбан айт күні тілеген тілектеріңіз бен ізгі ниеттеріңізді, Алла разылығы үшін шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін.

Ұлық мереке мүбарак болып, әр отбасына бақыт пен береке әкелсін! Елімізді әрдайым бірлік-ынтымақтан айырмасын!

Құрбан айт қабыл болсын!

 

Для нас Курбан айт – это дни священного служения, укрепляющие человека в его вере и смирении. Этот прекрасный праздник напоминает о том, что традиции Ислама основаны на вечных ценностях справедливости, добра, милосердия и заботы о ближнем. Они понятны и близки представителям и других религиозных конфессий, которые в мире и согласии проживают в нашей стране благодаря мудрой политике Главы государства Нурсултана Абишевича Назарбаева.

Пусть Курбан айт наполнит сердца радостью и умиротворением, поможет нам сохранить душевную чистоту, прибавит сил, принесет успех в благих начинаниях.

Еще раз поздравляем вас со священным праздником Курбан айт – светлым олицетворением добра и милосердия.

Мира и счастья в каждом доме, благоденствия и процветания!

 

Ізгі тілекпен,Сәтбаев қаласының әкімі Ә.Омар. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук.

С уважением, аким города Сатпаев Ә.Омар. Секретарь городского маслихата Т.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.