Жаңа ауданның жобасы талқыланды

20141010-02-2Келешекте қаламыздың сыртында орналасқан Ерден көшесі кеншілер қаласының ең негізгі көшелерінің біріне айналып, онда жаңа ықшамаудандар пайда болмақ. Кем дегенде 13 мың қала тұрғыны қоныстанатын ықшамаудандарда әсем келбетімен көз тартатын үйлер, мектеп және балабақшалар, өзге де халықтың тұрмысына қажетті әлеуметтік нысандар бой көтереді. Бұл жөнінде дүйсенбі күні қала әкімдігінде өткен Ерден көшесіндегі №8 ықшамауданды детальді жоспарлау мәселесіне арналған жиында кеңінен айтылды.

Жиынды ашып жүргізген қала басшысы Әнуар Омар жыл сайын кеншілер қаласында тұрғындар саны артып келе жатқанын, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санының да өсіп отырғанын айтты. Сондықтан да, қала аумағында жаңа тұрғын үй құрылыстарына деген сұраныс мол. Cол себепті, Сәтбаев қаласының аумағын кеңейтіп, заман талабына сай келетін тұрғын үйлерді салатын аумақты анықтау керек болатын. Бұл мақсат үшін Ерден көшесіндегі 8-ші ықшамаудан таңдап алынған. 2010 жылы Сәтбаев қаласының бас жоспары әзірленгенде де осы көшенің солтүстік бөлігі тұрғын үй құрылысына қолайлы әрі перспективасы мол аумақ ретінде белгіленген болатын, – деді жиынға қатысқан Сәтбаев қаласының бас жобасын әзірлеген «Казгипроград»1 жобалау институтының қызметкері, 8-ші ықшамауданның толық жоспарлау жобасының бас сәулетшісі Ренат Хайрулин өз сөзінде. Алматы қаласындағы жобалау институтының өкілі Ренат Хайруллин осы жиын барысында жаңа ықшамауданның жобалық жоспары жайлы әңгімелеп, атқарылған жұмыстардың жай-жапсарына тоқталды. Он жылдың ішінде пайда болатын жаңа ауданның эскизі мен макетін таныстырып, бой көтеретін үйлердің, әлеуметтік нысандардың архитектуралық келбеті мен қажетті инфраструктураларды тартудың жайын баян етті. 300 гектар жерді алатын жаңа ауданның толық жоспарлау жобасын талқылауға арналған жиынға қаламыздағы барлық қызмет мекемелерінің басшылары мен бөлім жетекшілері де қатысып, өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салды. Жобалау институтының өкілімен бірлесе отыра, жаңа ықшамауданның барлық талаптарға сай болуы бағытындағы шешімін күттіріп отырған мәселелерді де осы жиында талқылады.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.