Діни сауаттылыққа шақырған дәріс

20141018-04-3Бүгінгі таңда елімізде діни экстремизмнің алдын алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп отыр. Әсіресе, ислам дінінің атын жамылып ел арасына іріткі салушы теріс пиғылды діни ағымдардың насихатына тыйым салу, олардың адам санасын улап, хақ жолдан адастыратын бағыт ұстайтынын жұртшылыққа жеткізу мақсатында діни ақпараттық-насихат тобының мүшелері дүйсенбі күні №44 өртке қарсы қызмет бөлімінде болды.

Топтың мүшелері – С.Ошақұлы атындағы мешіттің имамы Хамит Мырзагелдиев, «Нұрлы білім» ҚБ Сәтбаев қаласы бойынша өкілі, теолог Нұрсұлтан Мамедалиев мекеме қызметкерлеріне ислам дінінің даму, өркен жаю тарихынан бүгінгі күнге дейінгі ахуалын баяндай келе, ақ пен жаттың арасын ажырату үшін ең әуелі барша мұсылманға діни сауаттылық қажет екендігін ескертті.

Бөлім қызметкерлері кездесу аясында анкеталық сұрақтарға жауап беріп, топ мүшелерімен тақырып төңірегінде ой-пікір алмасты.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.