Теңдікті дәріптеген іс-шара

20141018-07-2-120141018-07-2-2Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың төл мерекесі аталып өтеді. Осыған орай, Сәтбаев қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №1 мектеп-гимназиясында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты спорттық ойын түрлерінен жарыс болды.

Іс-шара салтанатты түрде еліміздің Әнұранымен бас-талып, қатысушылардың көңіліне патриоттық сезім ұялатты. Жарыстың ашылу сәтінде әкім аппаратының әлеуметтік сала бөлімі басшысы Гүлмира Таңсықбаева сөз сөйлеп, қоғамдық іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға табыс пен жеңіс тіледі.

Спорттық жарысты ән, бимен әрлеген өнерпаздардың арасында қаламыздың мәдениетіне еңбегі сіңген Зоя Имамбаева да болды. Мүмкіндігін барынша пайдаланып, өзі бас бола білген Зоя Құндаққызының жігері өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай. Жас ерекшеліктеріне қарай жарысқа қатысушылар кіші және үлкен топ болып сынға түсті. Жарыста тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, қол күрес, арбамен жүгіру, көңілді старт, дартс ойындары ойнатылды. Жарыстың нәтижесі бойынша дартс ойынынан кіші топтар арасында Қ.Әбдірахманов, А.Ескермес, А.Гайдай, үлкен топтан С.Сайдалин, Н.Кеңгірбаев I орынды жеңіп алды. Қол күрестен кіші топ арасында А.Ескермес I орынға, Қ.Әбдірахманов II орынға, А.Мұхамедқали III орынға лайық деп табылды. Ал, үлкендер арасында алғашқы үштікті С.Сайдалин, Д.Котыбаев, Н.Кеңгірбаев еншіледі. Көңілді старт ойынында қатысушылар команда болып өнер көрсетті. Бұл сайыста I орынды «Бәйтерек», II орынды «Астана», III орынды «Қыран» командалары алды. Тоғызқұмалақтан Ж.Есқалиева (I), Б.Қасым (II), Қ.Серікбаев (III), шашки ойыны бойынша С.Иденова (I), А.Ескермес (II), А.Жакенова (III), шахматтан А.Мұхамедқали (I), К.Ярахмедов (II), Т.Шолуть (III) орын алып, жеңіске жетті. Арбамен жылдамдыққа жүгіру барысында үлкен топтан алғашқы үштікте Д.Әлиақпаров, К.Ярахмедов, Д.Котыбаев оза шапса, кіші топтан М.Агзалеев пен С.Жұмағалиев бір мен екінші орындарды өзара бөлісті.

Мөлдір Мұқатова. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.