Хақ дін мен жат дінді ажыратып берді

20141024-04-1Қарағанды қаласының діни психологиялық-құқықтық кеңес беру орталығының қызметкерлері – дінтанушылар Давлат Мырзахметов пен Николай Мерзляков, Сәдуақас Ошақұлы атындағы мешіттің имамы Хамит Мырзагелдиев дүйсенбі және сейсенбі күндері діни экстермизмнің алдын алу, елдегі діни тұрақтылық төңірегіндегі мәселелер жөнінде ақпарат беріп, хақ дін мен жат діннің ара жігін ашып беру үшін №14, 16 орта мектептер мен қалалық емханада дәріс өткізді.

Үш мекеменің ұжымымен кездес-кен дін өкілдері дәріс барысында жат ағымдардың қазіргі қоғамға тигізіп отырған зиянын тілге тиек ете келе, дін төңірегінде қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда діни бірлестіктерге хабарласуды сұрады.

Кездесу барысында жиынға қатысқандар дін өкілдеріне сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.