Денсаулық сақтау өкілдігінде – жаңа басшы

20141024-01-3Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Жезқазған аумақтық денсаулық сақтау өкілдігі бөлімінің басшысы қызметіне Бәтима Әбдіхалыққызы Айтпаева тағайындалды.

Бәтима Әбдіхалыққызы 1969 жылы Қарағанды облысы, Қарсақбай кентінде дүниеге келген, медициналық жоғары білімі бар.

1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын облыстық туберкулезге қарсы күрес жөніндегі диспансердің Жезқазған қалалық бөлімшесінде фтизиатр дәрігер болып бастады. 2004-2008 жылдары осы диспансердің бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2008 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аумақтық өкілдігі бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

Сәрсенбі күні қала әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста Сәтбаев қаласының әкімі Әнуар Омар Бәтима Айтпаеваны қала активіне таныстырып, жаңа лауазымымен құттықтады.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.