Оқушылармен өткен діни кездесу

20141031-04-1-120141031-04-1-2Асыл да ұлық болған ислам дінінің құндылығын дұрыс дәріптеп, ел арасында насихаттау мақсатында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобының жергілікті мүшелері жастармен кездесуін жалғастыруда.

Өткен жұма күні «Нұрлы білім» ҚБ-нің Сәтбаев қаласы бойынша өкілі, теолог Нұрсұлтан Мамедалиев, Сәдуақас Ошақұлы атындағы мешіттің бас имамы Хамит Мырзагелдиев пен діни сенім мәселелері жөніндегі ресурстық орталықтың сектор меңгерушісі Жанат Ізтілеуов №3 орта мектептің 8-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Топ мүшелері кездесу барысында бүгінгі еліміздегі діни ахуалдың мән-жайын оқушыларға түсіндіре отырып, асыл дінімізге аса құрметпен қарауға, рухани имандылық пен әдептілікке шақырды.

– Бүгінгі таңда елімізде жастардың дінге деген қызығушылығы артып келеді. Алайда, бозбала мен бойжеткен шынайы діндегі ақ пен қараның арасын ажырата алмай, көлденең келген ақпараттың ағынына ілесіп, «дін дегеніміз осы екен ғой» деп жат ағымның жетегінде кетіп жатыр. Бұл қоғам үшін де, әрбір отбасы үшін де өте өкінішті жағдай. Егер дінге деген қызығушылық оянып жатса, бірден мешітке келіп, дәріс алуға толық мүмкіндік бар, – деді дін өкілдері.

Басқосу барысында жастар топ мүшелеріне сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.