Тоғыз айды қорытты

20141031-12-1Қарағанды облыстық соты төрағасының «Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты нығайту» жөніндегі өкіміне сәйкес, өткен аптада Сәтбаев қалалық сотында жергілікті баспасөз өкілдерінің қатысуымен конференция өткізілді.

Жиынды ашып, жүргізген сот төрағасы Руслан Мұқатаев үстіміздегі жылдың тоғыз айында қалалық сотта қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің қорытындысы туралы баяндама жасады.

Сот төрелігін атқару барысында есептік кезеңде сотқа 224 тұлғаға қатысты 272 қылмыстық іс түсіп, 232 тұлғаға қатысты 198 қылмыстық істің өндірісі аяқталды. Оның ішінде 111 тұлғаға қатысты 83 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, 104 тұлғаға қатысты 101 қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды. Жазалау тәжірибесі бойынша ағымдағы жылдың үш тоқсанында 111 тұлға сотталып, 27 тұлға бас бостандығынан айырылды. Ауыр дәрежедегі қылмыс бойынша 43 тұлға сотталып, оның 19-ы бас бостандығынан айырылса, орташа дәрежедегі қылмыс бойынша 49 тұлға сотталып, оның 7-уі бас бостандығынан айырылды. Ал, жеңіл дәрежедегі қылмыс бойынша сотталған 19 тұлғаның біреуі бас бостандығынан айырылды. Есеп беру мерзімінде 29 тұлғаға қатысты 22 қылмыстық іс бойынша сот үкімдеріне аппеляциялық шағым түскен. Оның ішінде 3 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс аппеляциялық шағымды қайтарып алуына байланысты қараусыз сотқа қайтарылған. Ал, 15 тұлғаға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылып, 3 тұлғаға қатысты үкім өзгертілді. Тоғыз айда күші жойылған сот үкімдері жоқ. Сонымен қатар, сотқа келіп түскен қылмыстық істер саны 12,5 пайызға, ал аяқталған қылмыстық істер 10 пайызға көбейгенін, үкім шығарылған қылмыстық істер саны 2,4 пайызға азайғанын айтуға болады, – деді Руслан Қалиақбарұлы.

Кездесу барысында сот төрағасының берген ақпаратына сәйкес, азаматтық істерді қарау кезінде барлығы 2314 арыз түсіп, 1926 іс қозғалыпты. Сотпен 1388 азаматтық іс бойынша шешім шығарылып, қаралған істер саны 74 пайызды құрады. Әкімшілік істер бойынша сотқа 1104 іс түсіп, 25 әкімшілік іс қайта рәсімдеуге қайтарылды. Сотпен барлығы 1041 әкімшілік іс қаралып, соның ішінде 517 тұлғаға айыппұл, 245 тұлғаға көлік құралын басқаруға тыйым салу, 138 тұлғаны әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ, қосымша шара ретінде бір тұлғаға мүлкін тәркілеу шарасы қолданылған. 130 әкімшілік іс өндіріспен қысқартылған, атап айтқанда 128 іс тұлға құқықтарына және отбасы-тұрмыстық қатынастарға байланысты қысқартылған. 2 әкімшілік іс құрамында құқықбұзушылықтың болмауына байланысты қысқартылған. Қарағанды облыстық сотының аппеляциялық алқасына 8 қаулы шағымдалып, өзгеріссіз қалдырылған.

Конференция соңында Руслан Мұқатаев сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде бұқаралық ақпарат құралдарының атқарып отырған жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да бірлесіп қызмет етуге шақырды.

Марал Шахаева. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.