Жасөспірімдердің құқығын түсіндірді

20141031-12-2-120141031-12-2-2Ел аумағында қазан айының 27 мен 30 аралығында «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық» республикалық акциясы өтті.

Акция барысында қалалық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Гия Баламамедов пен кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Бахтияр Байқадамов және әйелдерді зорлық-зомбылықтан құтқару тобының инспекторы Гауһар Жүнісова бір қатар білім ордаларында болып, жасөспірімдердің құқықтарын түсіндірді.

Атап айтқанда, №25 орта мектеп пен индустриалдық колледжінің оқушыларымен кездесуде ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бүгінгі күні жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған іс-шаралар жөнінде ақпарат берді. Инспекторлар жастарға қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол ережесін бұзбай, жолда сақ жүру сияқты мәселелерден бөлек, түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға ата-анасынсыз көшеде жүруге болмайтындығын ескертті.

Акция аясында ұйымдастырылған кездесуде қос білім ошағының оқушылары құқық қорғау органдарының өкілдеріне сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.