Кішкентай күз ханшайымдары

20141114-12-2Жылдағы дәстүрге сай Оқушылар сарайы биыл да «Күз аруы -2014» кішкентай арулар байқауын өткізді. Байқауға 6 ару қатысып, олар таныстыру, сән үлгісін көрсету, тағам әзірлеу және өз өнерлерін көрсету сынды 4 кезең бойынша бақ сынады.

Алты ару да ата-ананың, ұстаздардың үйреткен өнегесін жақсы меңгергендіктерін көрсете отырып, әсем әндерімен, мың бұралған билерімен, тәтті тағамдарымен көптің көңілінен шыға білді.

Байқаудың бас жүлдесіне Мәлика Әбдісаттарова лайық деп танылып, «Күз аруы» атанды. Кәмшат Рахметолла «Сымбатты ару», Жасмина Тлепбай «Көрермен көзайымы», Томирис Игілікова «Өнерлі ару» атағын иеленсе, Гүл Баян «Инабатты ару», ал, Нұржігітова Елдана «Көрікті ару» деп танылды.

Бағдат Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.