Кәсіби мерекесін атап өтті

20141121-07-2Бүгінгі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ауылшаруашылығы саласын дамыту нақты қолға алынып отыр. Халықты табиғи өніммен толықтай қамтамасыз ету үшін егін шаруашылығын, мал шаруашылығын жандандыру жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін үкімет ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге ең бірінші шалғайда жатқан ауыл аймақтарын, мал жайылымдарының еңбегін дөңгелетіп әкетудің алғышарттарын ұсынып отыр.

Мұндай мүмкіншіліктен Сәтбаев қаласының да кәсіпкерлері құр қалып отырған жоқ. Қала халқын ауыл өнімдерімен толық қамту бағытында «Ахтямов С.К.» ШҚ, «Үкібаев Мұхтар» ШҚ, «Үкібаев М.А.» ШҚ, Ахтямов Р.Н құс фабрикасы, «Устай» шұжық цехы, «Жартас» карьері аймағындағы «Дин.О.» ЖК қызмет көрсетіп отыр.

Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері күні аталып өтуде. Осы орайда өткен аптада «Алтын Орда» мейрамханасында Сәтбаев қалалық ауылшаруашылығы қызметкерлері бас қосып, төл мерекелерін атап өтті. Салтанатты жиналыста қала әкімі Әнуар Омар сөз алып, кәсіпкерлер мен осы салада еңбек етіп жүрген еңбеккерлерді құттықтады. Сондай-ақ, қала экономикасына қосқан үлестері үшін шаруа қожалықтарының басшыларына Алғыс хат табыс етті.

Марапатқа ие болған кәсіпкерлердің қатарында Мейрам Үкібаев, Нұржан Сламбек, Олег Дин бар.

Сәтбаев қаласының ауыл-шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы Әбусағит Әбдікер әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласында үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жөнінде ақпарат берді.

Әбусағит Түгелбайұлының айтуынша, мемлекет ұсынып отырған жеңілдіктерді қала халқы үгіт-насихат жұмыстарының аздығынан толықтай пайдасына асыра алып отырған жоқ. Ауыл шаруашылығы бағытында кәсіпкер атанамын деуші азаматтар үшін әрдайым ақпарат беруге әзір екендіктерін де айтты.

Мөлдір Мұқатова. Суретке түсірген автор.

Комментарии закрыты.