Жол қауіпсіздігіне арналды

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2005 жылғы 25 қазандағы резолюциясына сәйкес, қаламызда 16 қарашада жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні шеңберінде «Қауіпсіз жол қозғалысы» апталығы мен «Есіңе ал және ойлан!» ұранымен қоғамдық акция өтті.

Акция аясында С.Сейфуллин атындағы гимназияда «Қамқор ана» конкурсы ұйымдастырылды. Қонкурсқа бірнеше аналар қатысып, жарық шағылыстырғыш элементтермен көркемделген балалардың киім үлгілерін ұсынды. Қатысушылардың ішінде 1 «А» сынып оқушысы Р.Сафиулов анасы Л.Сафиулова ұсынған киім үлгілерінің ерекшелігімен қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі І орынға ие болды.

Акция аясында гимназия оқушыларынан тұратын ЖЖИ мүшелері «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» қоғамдық іс-шарасын өткізді. Балалар көшеге шығып, жүргізушілерге жаяу жүргіншілер мүддесін қорғау қажеттігі жөнінде ақпараттық парақшалар үлестірді. Осылайша, мектеп шәкірттері жол қауіпсіздігін сақтауға өз үлестерін қосты.

А.Сеилова, С.Сейфуллин атындағы гимназия директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.

Комментарии закрыты.