Жолдауға қолдау көрсетті

20141121-02-2Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауының маңыздылығын түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында белсенді өткізіліп жатыр. Осы мақсатта ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жезқазған аймақтық кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Хансейт Бөлен №7 орта мектеп ұстаздарымен кездесу ұйымдастырды.

Жиынды қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сұлтанбек Ешмахан ашып, жүргізді. Сондай-ақ, насихат тобының мүшесі ретінде «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы өкілі Аслан Қалмағанбетов және №7 орта мектептің директоры Биғайша Шукенова қатысып отырды.

Экономикалық, әлеуметтік тұрғыда тұраламай, одан әрі нық қалыптасуымыз үшін жоспарлы түрде жасалған Жолдаудың болашақ мүддесіне ықпалы зор. Хансейт Бөлен: «Алдағы екі, үш жылдың көлемінде болатын әлемдік дағдарыстан шығу жолдары осы Жолдаудың негізінде жүзеге асырылады» деді. Барлығымыз ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді әрі ұтымды игерілуін қамтамасыз ету жолында біркісідей атсалысуымыз қажет. Ол үшін тынбай еңбектеніп, ел экономикасына өзіндік үлесімізді қосуымыз маңызды.

Жиын соңында «Қазтелерадио» өкілі Аслан Қалмағанбетов ұлттық сандық эфирлік телехабар тарату, яғни «OTAU TV» жұмыстары туралы ұстаздарға толық мәлімет берді.

Мөлдір Мұқатова. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.