Автостанция жекеге беріледі

Қала тұрғындарын алаңдатып отырған тағы бір жайт – қаладағы автостанцияның жабық тұруы. Редакциямызға қоңырау шалған азаматтар автостанцияның есігінде қара құлып тұрғанын, аязда автобус күтіп далада тұратындарын айтып шағымдануда. Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін біз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне бас сұққан едік.

Ондағы мамандардың айтуынша, бұрын корпорацияның иелігінде болған автостанция бүгінде жеке меншікке берілу үстінде екен. Оның жаңа қожайыны – «СәтТрансАвто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Автостанцияның меншік иесі ауысуына орай құжаттары рәсімделу үстінде. Сондықтан, ол уақытша жабық тұр. Жаңа қожайыны құжаттарын реттеп, ғимаратты жөндеуден өткізіп, жабдықтаған соң ашатындығын білдірген.

Қазіргі заман талабына сай, автостанцияның халыққа қызмет көрсететін арнайы орындары болуы керек. Біздегі автостанцияда ондай орындар жоқ. Оны жабдықтауға бұрынғы иелерінің мүмкіндігі келмеді. Сондықтан, автостанцияны жеке меншікке сатып отыр, – дейді бөлім мамандары.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.