Конференция жастарға көп ақпарат берді

Дүниежүзінде 1988 жылдан бастап Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жариялауымен 1 желтоқсан жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісіне (ЖҚТБ) қарсы күрес күні ретінде аталып келеді. Әлемдік деңгейде емдік шарасы табылмай тұрған бұл дерттің алдын алу үлкен маңызға ие.

Әсіресе, жастар арасында бұл дерт жайында ақпараттың кең таралуы олардың сақтық шараларын білуге үндейді. Осы мақсатта білім ошақтарында ауқымды шаралар жүргізіліп келеді.

Аталмыш күнге орай №16 орта мектепте «Сенің өмірің – сенің таңдауың» атты конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырған биология пәнінің мұғалімі Әсел Нұрғазинова 10 сынып оқушыларына адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған ЖҚТБ дертінің қатерлі екенін баяндамасында түсіндіре келе, жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыруды басты қағидаға айналдыру қажеттігін ескертті.

Конференцияда бірнеше топтық жұмыстар жүргізіліп, ой-пікірлер ортаға салынды.

Жалпы алғанда конференция жастарға мол ақпарат берді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.