Cәтбаевтық спортшылар жетістігі

Қарашаның 6-8 күндері аралығында Степногорск қаласында дзюдо күресінен ашық турнирде жерлестеріміз жеңіс туын желбіретті. «Бөгенбай батырға» және Степногорск қаласының 50 жылдығына арналған республикалық дода 1999-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтті. Ешкімге дес бермеген Сәтбаев қаласындағы №15 мектебінің 7 сынып оқушысы Жанболат Рахымберлі екінші, №16 мектептің 9 сынып оқушысы Рахман Айтбеков үшінші орындарды иеленді. Қазылар алқасының жоғарғы бағасына ие болған балғын спортшылар турнирге жиналған қалың жұртшылықтың алдында дзюдоның әдіс-амалдарын асқан шеберлікпен көрсетіп, қошеметке бөленді.

20141128-08-1

Қарашаның 2-8 аралығында Жезқазған қаласында өткен бокстан аймақтық чемпионат сәтбаевтық спортшылар үшін тартысты әрі табысты болды. 1999-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы дүбірлі додада Сәтбаев қаласындағы №2 мектептің 9 сынып оқушысы Қ. Сейдазимов пен №2 мектептің 9 сынып оқушысы Ж.Тушенов үшінші орынды иеленді. Өз салмақ дәрежесінде үздік шыққан боксшыларды алда әлі талай дүбірлі додалар күтіп тұрғаны анық.

– Елбасы Жолдауында көрсетілгеніндей, спорттың маңызы зор. Сол себепті мемлекетімізде спортты, соның ішінде боксты дамытуға жете көңіл бөлінуде. Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев сынды даңқты былғары қолғап шеберлерінің Олимп шыңын бағындыруға бағытталған қадамдары осы тектес чемпионаттардан басталған. Спортшыларымыз осындай жарыстарда шыңдалып, іріктелуде, – дейді жас боксшылардың бапкер-жаттықтырушысы Сұлтан Жұмабек.

Комментарии закрыты.