Нұрлы жолға – елбасымен

20141128-03-1Қазақстан Рес­публикасында 1991 жылдың 1 желтоқсанында Тұңғыш Президент сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Осы тарихи күн Парламент қабылдаған заңға сәйкес, 2012 жылдан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні ретінде мерекеленетін болды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуынан бастап дамудың жаңа жолындағы бастамалар, кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар Елбасы есімімен тығыз байланысты.

Қазақстанды БҰҰ құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тәуелсіздігін таныды. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміздің сыртқы саяси бағыты белгіленіп, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасы айқындалды. Көптеген саясаткерлер Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, бейбіт бастамалардың бастамашысы және іске асырушысы ретінде таниды.

Біз «Қазақстан-2030» стратегиясының жүзеге асуын, «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді жоспарын Президенттің тікелей басқаруымен даму үстінде екенін көрудеміз. Білім саласына көп көңіл бөлінуде. Жаңадан мектептер, бала бақшалар бой көтеруде.Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін мектептерде жаппай қолданысқа енгізу туралы арнайы бағдарламаның дайындалып, енгізілуінің куәсі болудамыз. Бұның барлығы жастардың болашағы үшін жасалуда. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясаттағы көрегендігінің бір мысалы – 2015 жылға арналған «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауы.

Халқына кезекті Жолдауында Президент инфрақұрылымдық дамудың жоспарын баяндай келе «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз!

Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол –барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы» деді.

Олай болса, өз халқының алдына үлкен мақсаттар қоя білген Президентімізбен мақтана білейік.

Тұңғыш Президент күнімен барша сәтбаевтықтарды шын жүректен құттықтаймын!

Қамар Жанасылова, қалалық мәслихаттың депутаты.

Комментарии закрыты.