Елбасының жарқын істерін паш етті

Үшінші жыл елімізде аталып өтетін Тұңғыш Президент күнін мерекелеу барысында бірнеше іс-шаралар өткізілді. Соның бірі – Оқушылар сарайында өткен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы әдеби-музыкалық кеш.

Сарай ұстаздары Балкенже Ақайдарова мен Ақмарал Мизамбаева ұйымдастырған кеш­те еліміздің бір топ жас буын өкілдері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз қазақ елін гүлдендіріп, дамыту жолындағы еңбектерін паш етсе, бірі оның өмірбаянынан сыр шертетін ақпараттарды жиналған көпшілікке жеткізді. Одан бөлек өлең-жырлар оқып, мерекеге әннен шашу шашты.

Кеш барысында азаттық күні туған сәттен бас­тап Елбасының қолдауымен елімізде жүзеге асырылған маңызды тарихи оқиғалар бейнебаян арқылы кешке қатысушылардың назарына ұсынылды.

Бір сөзбен айтқанда, әдеби-музыкалық кеш жастардың патриоттық рухын көтеріп, кемеңгер Елбасы бастаған мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында екендігін сезіндіре білді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.