«Елдік жолындағы ерлік»

20141205-03-3

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналып осы тақырыпта іс-шара өтті.

Мерекеге Жезқазған қа­ла­сындағы Қарттар үйінің тұрғындары, БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты. Аталған іс-шара музейдің экспозициялық залдарында Жезқазған айма­ғының табиғаты мен ежелгі тарихын көрсететін «Жезқазған – мыс пен ғарыш аймағы», «Қаланың Құрметті азаматтары», «Ұлы Отан соғысы» және т.б. экскурсиялардан басталды. Жиналған қонақтарға «Тәуелсіз Қа­зақ­стан – тұрақтылық жолында» атты экспозициясы жанында тақырыптық шолу жүргізілді. Онда ХХ ғасырдың соңында әлем картасында Қазақстан атты жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы және сол құрылған Қазақстан Рес­публикасының бастауын­да тұру Нұрсұлтан Назар­баевтың бақытына тигені, Елбасының ХХІ ғасырға Қа­зақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлғаға айналғаны туралы жан-жақты айтылды.

Шара музейдің конференц-залында жалғасты. Бұл жерде басты тақырып 2014 жылғы 11 қарашадағы ел Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бас­тар жол» атты Жолдауы болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, республикалық ақ­параттық-насихат тобы­ның мүшесі, музей директоры Зинаида Чумакова Жолдаудың негізгі қағидаларына тоқталды. Ардагерлер Жолдаумен жан-жақты танысқандарын айтып, Елбасының «Біздің білім беруді, ден­саулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жал­ғаса береді» дегеніне қуанды. Жиналғандар Елбасының саясатын әр­қашан қолдайтыны туралы да жүрекжарды пікірлерімен алмасып, Елбасы жайында Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмін тамашалады. Іс-шара Жезқазған қаласының көрнекті жерлеріне «Елбасы мұраты – ел бақыты» атты қалааралық автобус экскурсиясымен аяқталды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.