Ант қабылдады

20141205-02-1Тұңғыш Президент күні қарсаңында қаламыздағы №44 өртке қарсы қызмет бөлімінде салтанатты жиналыс болып, жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер Ант қабылдады.

Айшықты шара еліміздің Әнұранымен ашылды. Бұдан соң бөлім басшысының орын­басары, өртке қарсы қызмет капитаны Қуаныш Исінбай Елбасы, Тұңғыш Президентіміздің өмірі мен қызметі, әлемдік қауымдастықтағы рөлі мен беделі жайлы қысқаша баяндама жасады.

Келесі кезекте жұмысқа жаңадан қабылданған қызмет­керлер – Мұрат Қара­қойшы, Валерий Горелов, Айдын Ережепов, Әсел Ахметова, Владимир Канивец, Бауыржан Терлікбаев әріптестері алдында салтанатты түрде Ант қабылдады.

Бөлім басшысының міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет капитаны Нұрлан Жакупов жеке құрамды еліміздегі мерейлі мерекелердің бірі – Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Ант қабылдаған жас қызметкерлерге еңбектеріне табыс тілеп, оларға қатардағы қызметкер атағы берілгенін жария етті.

Салтанатта, сондай-ақ, бөлімнің жүргізушісі Мейіржан Мусиновке Қарағанды облыстық өртке қарсы қызмет мемлекеттік мекеме басшысының бұйры­ғымен аға сержант атағы берілді. Бұйрықпен бөлім басшысының орынбасары Қуаныш Исінбай таныстырды.

Салтанатты жиын қалалық мәдени-сауық орталығы өнерпаздарының қаты­суымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ізтай Белгібайұлы. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.