Патриоттық іс-шара

20141205-02-3Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Тұңғыш Президент күніне орай барлық сыныптарда «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Г.Бай­генжина болса, «Елін сүйген Елбасы» патриоттық сабағын ұымдастырды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі жайлы оқушылар толық мағлұмат алып, Елбасының ерен еңбегінің арқасында еліміздің көркейіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Өскелең ұрпақтың Отанын сүйетін патриот болып өсуіне оң ықпалын тигізетін бұл тәрбие сағаты оқушылардың көңілінен шықты.

Р.Куанбекова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Комментарии закрыты.