Жолдауды түсіндіру – негізгі міндет

Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатымен республикалық ақпараттық-насихаттау тобының және Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшесі, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының көрме залының директоры З.Чумакова қаламыздағы білім, әлеуметтік қорғау және мәдениет салаларының қызметкерлерімен кездесті.

Өздеріңізге белгілі, жақында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жария етті. Әрқашан да тарихи маңызы жоғары, қоғамда алатын орны ерекше стратегиялық құжат еліміздің болашақтағы бағыт-бағдарын айқындап беруімен құнды. Ал, бұл жолғы Жолдау өзінің өзектілігімен аса маңызды. Бүгінгі әлем­дік түрлі қақтығыстарға қара­мастан, елімізді одан әрі да­мыта түсу, әрбір отбасы мен аза­мат­тың жағдайын жақ­сарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын сақтау – оның негізгі мақсат-мүддесі ретінде нақты көрсетілген.

Елбасы Жолдауында көте­рілген басты бағыттарды халыққа түсіндіру мақсатында қаламызға арнайы келген Зулпа Чумакова кездесу барысында әрбір азамат үшін маңызды саналатын осы ойлар төңірегінде баяндама жасап, өз пікірімен бөлісті. Тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам уақыт ішінде аяғынан нық тұрған жас мемлекетіміздің басынан өткен қиындықтарына тоқталып, бүгінгі қол жеткізген жетістіктер еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін баса айтты. – Ұлттық идея «Мәңгілік елді» бағыт-бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даң­ғылын «Нұрлы жолға» айналдыру мақсатында әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс, – деген наси­хаттық топ мүшесі, сөзінің соңында қала тұрғындарын Жолдауды жүзеге асыру жолында атсалысуға шақырды.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.