Облыстан – олжамен

20141205-12-2Приозерск қаласында Тұңғыш Президент күніне орайластырып Қарағанды облысының денешынықтыру және спорт басқармасы 1997-98, 1999-2000, 2001-2004 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер мен 1997-98 және 1999-2000 жылғы қыздар арасында бокстан ашық біріншілік өткізді. Бұл біріншілікке Сәтбаев қаласы мәдени-сауықтыру спорт орталығының 11 жас боксшысы қатысып, соның алтауы жеңіспен оралды.

Спорт шебері Есіркеп Түсіпов пен Марғұлан Дүйсенбаев жаттықтыратын жас былғары қолғап иегерлерінің ішінде бұл байрақты бәсекеде оза шапқан 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында 34 кг салмақ дәрежесінде Мәулен Жоламанов, 2001-2002 жылы туылған балалар арасында Ислам Қабыкенов +52 кг салмақта және 1999-2000 жылғылардың ішінен 75 кг салмақта Шамиль Вахидов І орынды еншіледі. 2001-2002 жылғы палуандардың арасынан 52 кг салмақ дәрежесінде күш сынаған Мәулен Өмірбеков пен 34 кг салмақпен бозкілемде белдескен Асхаб Муридов ІІ орынды жеңіп алды. Ал, ІІІ орынның жүлдесін қанжығалап қайтқан Ержан Ерболат 2003-2004 жылғылардың ішінен 30 кг салмақ дәре­жесінде жұдырықтасып, қарсыласын қапыда қалдырды.

– Бұғанасы бекіп, буыны қатайып келе жатқан жас боксшыларымыздың бұл жеңісі оларға күш-қуат беріп, үлкен жеңістерге ұмтылуларына себепкер болды, – дейді сәт­баевтық жас боксшылардың жаттықтырушысы М.Дүйсенбаев.

Бағдат Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.