Кемеңгер көшбасшыға арналды

20141212-11-02Б.Бұлқышев атындағы орталық кітапханада өткен «Елбасы – елдің тірегі, жас ұрпақ – білегі» танымдық-ақпараттық тәрбие сағатына Сәтбаев индустриалдық колледжінің студенттері қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған шарада Елбасының өмір жолы туралы мағлұмат берілді.

— Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, қалыптастырып, экономикамызды реформалау арқылы елімізді әлемге мойындатқан аса дарынды тұлға. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқын үш ғасыр іздеген мұратына Нұрсұлтан Әбішұлы жеткізді. Елбасының жарқын келбетін, биік болмысын, кемелдігін, көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс, – деген кітапханашы Шолпан Сабырова Елбасының өнерге көп көңіл бөлетіндігін атап айтып, «Үшқоңыр», «Елім менің!» әндерінің бейнебаянымен таныстырды. «Тәуелсіздік жылнамалары» мен «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» көрмесіндегі Тәуелсіздіктің қалыптасуы, халықаралық экономикалық және саяси жетістіктер, қазіргі заман тарихындағы Елбасының орны туралы әдебиеттерге шолу жасалып, «Елбасының еңбектері» бөлімінде орын алған «Сындарлы он жыл», «Казахстанский путь» кітаптары оқырмандар назарына ұсынылды.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.