Елбасы Жолдауы – жасампаздық кепілі

Ел экономикасын алға сүйреу, бәсекелестікке барынша қабілетті, өркениетті елдердің қатарына ену,әлеуеті қалыптасқан алып елге айналу – қазақстандықтардың алдында тұрған басты міндет. Жыл сайынғы Елбасы Жолдауы қазақстандықтардың алдағы күнге деген сеніміне серпін беретіндігі баршамызға белгілі.

Сәтбаев қаласындағы «№ 19 орта мектебі» КММ-де биылғы Елбасы Жол­­дауын талқылау, маңыздылығына же­те мән беру мақ­сатында «Елбасы Жол­­дауы – жасампаздық кепілі» атты дөң­гелек үстел болып өтті. Жиналысты мектеп басшысы А.С.Аманова кі­ріс­пе сөзбен ашып, биылғы Елбасы Жолдауының стратегиялық маңызына тоқталды.

«Жыл сайынғы Елбасы Жол­дау­ының әкелген оң өзгерісі осы шағын қа­ламыздың да келісті келбетінен анық байқалады» деп атап көрсетті Алма Сұлтанқызы. Мектеп басшысынан соң сөз алған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Брімжанова баяндама жасап, Жолдаудың әрбір бағытына жеке-жеке тоқталып өтті.

«Биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасымыздың Жолдауы Қазақстан халқынан үлкен қолдау тапты. Оған себеп – Жолдаудың еліміз үшін ең маңызды, көкейкесті мәселелерді көтеруі. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағ­дарыс салдарынан айыға қоймаған қазіргі таңда дамудың даңғыл жолынан таймаған Елбасы Жолдауының кө­терген мәселесі аса ауқымды. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қанатты қағиданы ұстану, барыс-келістегі, алыс-берістегі жол қаты­насының маңызын терең сезіну, алысты жақын ету – биылғы Жолдаудың ең басты түйіні» – деп атап көрсетті Гүлнар Талғатбекқызы.

Сонымен қатар, индустриалық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық ша­ру­а­шылық пен су және жылу­мен қам­тамасыз ету желілері инфра­құрылымдарын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту, әлеу­меттік инфрақұры­лымдарды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау жайындағы көтерілген мәселелер ұстаздарға да тың серпін бергендігін айта кеткен ләзім.

Мектеп мұғалімдері атынан сөз алған шет тілі пәнінің мұғалімі Г.Жұлдызғалиева ұстаздар қауымын Елбасы Жолдауын іске асыру жолында ерен еңбек үлгісін көрсетуге шақырды.

«Нұрлы жол – олашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауы мектеп мұғалімдерінен де үлкен қолдауға ие болды.

Д.Бұланбаев, №19 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Комментарии закрыты.