Елдің басты тойына арналды

Ел Тәуелсіздігінің жиырма үш жылдығына арнап Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Егеменді елім – Қазақстаным менің» тақырыбында концерттік бағдарламасын ұсынып, өздерінің әні мен жырын елдің басты тойына арнады.

Бүгінде берекелі тұрмысымызға бастау болған желтоқсан оқиғасы жайында көрініс қойып, жиналған жастарға бостандықтың таңы оңайшылықпен келмегенін ұғындырды.

Сол жылдарда қазақ жастарының жүрегін жарып шыққан «Қарабауыр қасқалдақ», «Желтоқсан желі» әндерін орындады. Жастар тұғырлы Тәуелсіздік жайында әндер шырқап, күмбірлете күй төкті. Сөйтіп, өнер ордасының жастары ұлы мерекені ұлықтады.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.