Әкім кубогы – «Барыс — S» командасында

Тәуелсіздік тойына орай әкімдіктің қолдауымен қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Көңілашар» ҚБ №4 Абай атындағы мектеп-лицейде Сәтбаев қаласы әкімінің кубогы үшін мектеп оқушылары мен студенттері арасында «Дебат-2014» пікірталас сайысын өткізді.

Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан жиырма команда қатысқан пікірталаста жастар патриоттық тәрбиенің әдістерін жетілдіру, оның жолдары мен жалпы еліміздегі жастар саясатының жай-күйін талқыға, салып өзара пікір алмасты.

Қазақ және орыс топтарының арасында өткен тартысты бәсекеге қала басшысы Әнуар Омар қатысып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің ертеңгі болашағының дамуына үлкен үлес қосатын жастарды ұлтын, елін сүюге шақырды.

Бір күн бойы өзекті тақырыпта ой қозғаған сайыс нәтижесінде орыс топтарының арасынан Жезқазған қаласындағы №22 орта мектептің «Аномалия» тобы ІІ орынды еншілесе, ІІІ орынның жүлдесі №15 орта мектептің «Патриот» тобына бұйырды. Ал, қазақ тобынан ІІІ орынды Жезқазған қаласындағы № 13 орта мектептің «Жас өркен» тобы иеленсе, ІІ орынның да жүлдесі Жезқазғандағы №21 мектептің «Ақ Орда» тобына бұйырды. І орынға лайықты деп танылған Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің «Барыс -S» тобы қала әкімінің кубогын иеленді. Сонымен қатар, ойынның «Үздік спикерлері» де анықталып, марапатталды.

Жеңімпаздарға диплом мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Белсене қатысқан топтарға сертификат берілді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.