Мемлекеттік наградамен марпатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай желтоқсанның 15 күні Қарағанды қаласында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың қатысуымен салтанатты жиын өткен болатын. Еліміздің ең басты мерекесіне арналған салтанатты жиында мемлекетіміздің дамуына қомақты үлес қосып, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында атсалысып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге Елбасының атынан мемлекеттік наградалар табысталды.

Марапат иелерінің арасында Сәтбаев қаласының әкімі Әнуар Омар да бар. Әнуар Серікбайұлы 2014 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың №8369 Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы салтанатты жағдайда қала басшысына медальді кеудесіне тағып, куәлігін табыстады. Мемлекеттік қызметтегі қол жеткізген жеке табыстары үшін алғысын айтқан облыс басшысы ел мүддесі жолындағы қажырлы еңбегіне жеміс тіледі.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.