Күн тәртібінде жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Мемлекет сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр.

Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия – Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Елбасы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру бағытындағы өзінің Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Жемқорлықпен күреске Сәтбаев қаласының балалар өнер мектебі ерекше назар аударып отыр. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіліп отырады. Балалар өнер мектебінің ұжымына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізіліп, ондағы толықтырулар мен енгізулер талқыланды. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған тәрбие сағаттары өтті, онда мектеп ұстаздары мен оқушылар өз ойларын ортаға салды. Бейнелеу өнері бөлімінде оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолдарына арналған сурет көрмелері, плакаттар байқауы өтті.

Жемқорлыққа арналған мектеп бұрышы ата-аналар мен оқушылардың назарында. Бұл стендте заңның кейбір үзінділері мен жемқорлықпен күресудің негізгі жолдары көрсетілген.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Ж. Амралинова, Балалар өнер мектебі директорының Орынбасары.

Комментарии закрыты.