Құтты болғай, қой жылы, қазағыма!

Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары! Уважаемые жители города Сатпаев!

Сіздерді келе жатқан 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Қалыптасқан дәстүр бойынша біз жаңа жылды қарсы ала отырып, өткен жылды қорытындылаймыз. 2014 жыл еліміз үшін, сонымен қатар Сәтбаев қаласы үшін де табысты жыл болды. Тұрақтылықтың, бейбітшіліктің және келістіктің арқасында біраз іс тындырдық, толайым табыстарға қол жеткіздік және маңызды оқиғаларды бастан кешірдік.

Былтырғы жылы қала кәсіпорындары мен мекемелері сәтбаевтықтардың әл-ауқатын және өмір сапасын жақсарта отырып, тұрақты жұмыс істеп дамыды. Біз мәдениеттегі, спорттағы, халықты жұмыспен қамтудағы және жастар саясатын іске асырудағы жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Қалада жаңа нысандар бой көтеріп, көшелер мен аулалар абаттандырылды, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала нысандары жөндеуден өткізілді. Өткен жыл Жезқазған кентінің тұрғындарын көшірумен байланысты үлкен құрылыстың басталуымен есімізде қалатын болады.

Игілікке және гүлденуге бастар анық жол – бұл жасампаз еңбек, достық, өзіңе және өз келешегіңе сеніммен қарау екендігіне тағы да көзіміз жетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа жобасы біздің ертеңге деген сенімімізді нығайта түсті.

Құрметті сәтбаевтықтар, ыстық ықыласпен сіздерге мықты денсаулық, барлық игі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Жаңа жыл әр отбасына, әр шаңыраққа жақсылық пен молшылық, қуаныш пен бақыт әкелсін. Мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

20141226-01-1

От всего сердца поздравляем вас с наступающим 2015 годом!

Встречая новый год, мы по традиции подводим итоги уходящего года. 2014 год был успешным как в целом для Казахстана, так и для города Сатпаев. Благодаря атмосфере стабильности, мира и согласия мы прожили его интересно, активно трудились и многого достигли.

В уходящем году стабильно работали и развивались сатпаевские предприятия и учреждения, повышая благосостояние и качество жизни жителей города. Мы можем гордиться своими успехами в сфере культуры, спорта, занятости населения и в реализации молодежной политики. Уходящий год запомнится нам началом большой стройки, связанной с переселением жителей поселка Жезказган. В городе открывались новые объекты, были благоустроены дворы, улицы, скверы, отремонтированы дороги и объекты жилищно-коммунального хозяйства и социальной сферы.

Мы еще раз убедились в том, что самый верный путь к благополучию и процветанию – это созидательный труд, дружба, вера в себя и свое будущее. Укрепил нас в этом новый проект Главы нашего государства Н.Назарбаева «Нұрлы жол – путь в светлое будущее», озвученный 19 ноября 2014 года.

Уважаемые сатпаевцы, примите самые искренние пожелания успехов во всех добрых делах и начинаниях, крепкого здоровья, оптимизма. Пусть благополучие и достаток, радость и счастье придут в новом году в каждую семью, в каждый дом. С праздником!

Сәтбаев қаласының әкімі Ә.С. Омар. Қалалық мәслихат хатшысы Т.И. Хмилярчук.

Аким г.Сатпаев Ә.Омар. Секретарь городского маслихата Т.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.