Ерекше мереке

20150109-12-2Жасыл шырша жанында бас қосқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ерекше сипаттағы жаңажылдық ойын-сауық бағдарламасын Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды.

Қала бойынша тіркеуде тұрған 130-ға жуық бүлдіршіннің аталмыш мерекеге сексенге жуығы қатысып, әсем безендірілген шырша аясында шат күлкіге кенеліп, ойын ойнап, ертегі кейіпкерлері қатысқан қойылымдарды қызыға тамашалады. Дайындаған тақпақтары мен әндерін айтып, Аяз ата мен Ақшақардың сыйлығына ие болды. Көңілі қаяулы балдырғандар бұл күні бәрін ұмытып, бір серпіліп қалды.

– Тәуелсіздігіміздің арқасында дәстүріміз бен дініміз жарасып, ел тыныштығын сақтап отырған халықпыз. Осы тұста әлемнің алпауыт елдерімен босағасы берік еліміздің ішкі саясаты, сонымен қатар, әлеуметтік сатыларының тең болуы керек. Кез келген қазақ азаматы қоғамда белгілі бір рөл атқарады. Соның қатарында тай қолтығын терлетіп үлгермеген, толыққанды мүмкіндігі жоқ бауырларымызға қолдау көрсету – адамгершілік пен иманымыздың айнасы, – дейді мүгедек балалармен жұмыс бөлімшесінің меңгерушісі Талиға Қапарова.

Абай атамыз «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген шумағында, бәлкім, осындай мәселелерді меңзеген болар. «Адамның ұяты – бетінде, адамгершілігі – ниетінде» демекші, балаларды қуантып, сауаптан суарылуға құштар азаматтардың да аты аталмай қалған жоқ. Олардың қатарында қала басшысы Әнуар Омар, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Нұр Отан» партиясының Сәтбаев қаласындағы өкілі Гүлнар Көшекова, шахтапроходкалау басқармасының директоры Айдар Нығматуллин, оқушылар сарайының директоры Гүлнар Сансызбаева, мәдени-сауықтыру орталығы директоры Бақытжан Жайлаубаев, балалар өнер мектебінің директоры Роман Бурда, жеке кәсіпкер Сергей Карнаев, Тілесовтер отбасы мен зейнеткер Иван Ящук секілді азаматтар бар.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.