Ермұханбет Сәлемов: «Аумақтық инспекцияның жұмысы ауқымды»

20150130-05-1ҚР АШМ АӨК МИК Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясы» атауының өзі айтып тұрғандай, ауыл шаруашылығы бойынша ауқымды салаларды қамтитын іргелі мекеме. Арқалаған жүгі де ауыр. Өсімдіктерді қорғай отырып, сол өсімдіктермен ере жүретін түрлі зиянкес жәндіктермен күреседі. Мұның сыртында, мал шаруашылығын асылдандыру жұмыстарында да олардың үлесі аз емес. Міне, осы қат-қабат міндеттерді мекеме өткен жылы қалай атқара алды? Аталмыш мекеменің басшысы Ермұханбет Сәлемовпен әңгімеміз осы сауалдан басталды.

– Сіздердің негізгі жұмыстарыңыздың бірі өсімдіктерді қорғау ғой. Осы салада нендей жұмыстар тындыра алдыңыздар?

– Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясының жұмысы ауқымды. Соның бір саласы – өсімдіктерді қорғау. Бұл бағытта осы сала бойынша жұмыс істейтін инспектор қаладағы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының орындалуын бақылап, «Тұрар» базары және ішкі сауда орындарындағы көкөніс, өсімдік өнімдерін сақтау барысын қадағалады. Жыл басынан сауда жасаушы жеке тұлғалармен көкөніс өнімдерінің сақталуы және уақытымен оларды зертхана арқылы зерттеуден өткізу тәртібі туралы 3 рет сұхбат жүргізілді.

– Бүгінде шегірткенің зардабын өсімдік те, адамдар да аз көріп жатқан жоқ. Оны анықтау және алдын алу шаралары қалай жүргізіліп жатыр?

– Маусым айының 26 күні «РФДжБӘО» Ұлытау аудандық филиалы қызметкерлері Сәтбаев қаласының әкімшілік аумағында шегірткелердің саяқ және үйірлі формасын аңықтау жұмыстарын жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша әкімшілік аумақта шегірткелердің жоғарыдағы формалары анықталмады.

Бұл жұмыстар күзде тағы қайталанды. 7 қазан күні «РФДжБӘО» Ұлытау аудандық филиалы директорының қатысуымен күзгі шегіртке күбіршіктері зерттелді. Зерттеу барысында Сәтбаев қаласының әкімшілік аумағында 1 шаршы метр жерге 1 дана орташа тығыздықта орналасқан шегіртке күбіршіктері анықталды. Зерттеу қорытындысына байланысты 2015 жылдың мамыр айында үйірлі шегірткеге қарсы 4850 га жерге химиялық өңдеу жасау жоспарланды.

– Ол жақсы екен. Ал, өткен жазда қаладағы көкжелектер құрттан құрып кете жаздады. Бұл жайында не айта аласыз?

– Иә, мұндай келеңсіздіктің болғаны рас. Біз қала аумағында жапырақ жегіш қоңыз бен мұр көбелегінің анықталуына байланысты, қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына өз ғимараттары аумағындағы екпе ағаштарға химиялық өңдеу жұмыстарын мекеме қаражаты есебінен жүргізу және ол үшін қандай препараттар пайдалаған тиімді екендігі жөнінде ұсыныс хаттар жібердік.

Мемлекеттік фитосанитарлық бақылау талаптарына сәйкес, өсімдіктерді қорғау жөнінде қала аумағында агротехникалық іс-шараларды жүргізу, өсімдіктерді зиянды организмдерден және ауру қоздырғыштардан қорғаудың алдын алу мақсатында Сәтбаев қаласы әкімі атына хат та жазылды.

Осыған орай, жергілікті бюджеттен «Сәтбаев қаласының ТКШ, жолаушылар тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ арқылы жапырақ жегіш құрттар мен қоңыздарға қарсы химиялық өндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жасыл желектерді күтіп ұстау» бағдарламасы бойынша 14 млн. теңге қаражат қаралды.

Дегенмен, наурыз айынан бері екі рет конкурс өткізгенімен, жапырақ жегіш құрттар мен қоңыздарға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мекеме маусым айына дейін анықталмады. Тек, 16 маусымда ғана баға ұсынысы бойынша 7 млн. 200 мың теңгеге жұмыс атқаратын болып Сәтбаев қаласындағы «Конкор Инженеринг» ЖШС белгіленді. Химиялық өңдеу жұмыстары 17 маусымнан басталды және ол үшін «Актара» инсектицидін пайдаланды, 26 га жасыл желектерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Жаз айында ауа-райының ыстық болуына байланысты және жасыл желектердің ауруының алдын алу мақсатында қаладағы ағаштар мен жасыл желектерді өз деңгейінде күтіп ұстау, оларға мерзімінде химиялық өңдеу және агротехникалық жұмыстарын жүргізу мен уақытылы суарып тұру жөнінде тиісті мекемелерге ұсыныс хат жолданды.

– Аузы күйген үрлеп ішеді. Өткен жылғы жағдай қайталанбас үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр?

– Мемлекеттік фитосанитарлық бақылау талаптарына сәйкес өсімдіктерді қорғау жөнінде қала аумағында агротехникалық іс-шараларды жүргізу, жасыл желектерді және өсімдіктерді зиянды организмдерден және ауру қоздырғыштардан қорғаудың алдын алу мақсатында 2015 жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы Сәтбаев қаласы әкімі атына хат жазылды. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі үгіт-насихат жұмыстары бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өсірумен айналысатын тұрғындармен 7 рет жиын өткізілді.

– Әңгіменің бетін карантинге қарай бұрсақ. Бұл бағытта қанша тексеріс жұмыстары жүргізілді? Нәтиже қандай?

– 2014 жылы карантинге жатқызылған өнімдерге 11 карантиндік тексеру актіcі берілді. Осы кезеңде қалаға әкелінген 113,7 тонна карантинге жататын жүк, 235 гүл, 158 тұқымдық пакеттер тексерілді.

Фитосанитариялық сараптама жасау үшін шілде айының 4 күні «Республикалық карантиндік зертхана» ММ-не карантинге жатқызылған өнімдердің 13 (картоп, жуа, қияр, қызанақ, қызылша, сарымсақ, сәбіз, алма, алмұрт, қара өрік, сары өрік, лимон және шие) үлгісі жіберілді. Нәтижесінде ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының және Қазақстан Рес-публикасы аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі Ереже талаптарын бұзған фактісі тіркелген жоқ.

– Қала аумағындағы улы, зиянды өсімдіктермен, жәндіктермен күрес қалай жүргізіліп жатыр?

– Өткен жылдың маусым айында бас маман – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы «РФДжБӘО» Ұлытау аудандық филиалы қызметкерлерінің Сәтбаев қаласының әкімшілік аумағы арқылы өтетін Жезқазған-Сәтбаев автомобиль жолдары бойында, «Жеңіс» саябағы, көгалдандыру цехінде, қаланың «Горняк», «Восток» және «Меридиан» саяжай өндірістік кооперативтерінің, Сәтбаев даңғылы, Гурба көшесі, Қалмағамбетов көшесі, Ерден көшесі, Ұлытау көшесі және өндірістік аймақ жерлерінде қызғылт укекіренің өңдеуге жататын ошақтарына жүргізген ішінара бақылама-зерттеу жұмыстарының барысын қадағалады.

Қала бойынша карантиндік нысандарды анықтау жоспары американдық ақ көбелектің 12 гектары 100%, қызғылт укекіренің 100 гектары 100% және шөптік өсімдіктерде тоғышарлық етуші арамсояудың 10 гектары 100% зерттелді.

Қаланың әкімшілік аймағындағы қызғылт укекіремен залалданған жерлерге химиялық өндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 1 000 000,0 теңге бөлінді.

Жаз бойы түрлі зиянды өсімдіктерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. РМК «Казахавтодор» ДЭУ-44 мекемесі Жезқазған-Сәтбаев автокөлік жол жиегіндегі қызғылт укекіремен залалданған жерлерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу іс-шараларына екі жүз мың теңге бөлді. Бөлінген қаражатқа Жезқазған қаласының «Ветсервис» мекемесі «Ланс 240» гербицидін қолданып, қызғылт укекіреге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын 2 га жерге жүргізді. Бұл жұмыстар бас маман – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың бақылауымен атқарылды.

Қыркүйек айында карантиндік нысан қызғылт укекіреге қарсы химиялық өңдеудің сапалығы және биологиялық тиімділігі анықталып, тиісті актілер жасалды. Қаланың әкімшілік аймағынындағы қызғылт укекіремен залалданған жерлерге химиялық өндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 2015 жылы қаражат бөлу туралы қала әкімі атына хат жазылды.

– Мал шаруашылығын асылдандыруға қатысты нақтылы қандай жұмыспен айналысасыздар?

– Мал шаруашылығына қатысты біз негізінен талдау жұмыстарын жүргіземіз. Осы орайда өткен жылдың ақпан айында облыстық аумақтық инспекцияға қаланың әкімшілік аумағындағы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына 2013 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдаулар тапсырдық.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында қаржыландырылған шаруа қожалықтарының аталық бұқалармен қамтылуына талдау жүргізіп, қорытындысы ОАИ-ға жіберілді. Бұл жұмыстарды орындау үшін «ҚР АШМ АӨК МИК Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясы» ММ және «Сәтбаев қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-нен мамандар бөлінді.

– Сол талдауларыңыз жайлы бізге де қысқаша айтып өтсеңіз.

– «Сәтбаев қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-нің мәліметі бойынша, 2013 жылдың шілде айында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Үкібаев М» шаруа қожалығы «КазАгроФинанс» АҚ-нан 7 миллион теңге қаржы алып, оған 34 сиыр мен 2 бас асыл тұқымды бұқаларды (қазақтың ақ бас сиырының тұқымдары) Шет ауданындағы «Дарын и Н» шаруа қожалығынан (иесі Қалимолдаев А.) сатып алған. Аталмыш шаруа қожалығында барлығы 60 бас ірі қара аналығы селекциялық-асылдандыру жұмысымен қамтылған. Сондай-ақ, шаруа қожалығы үкімет тарапынан селекциялық асылдандыру жұмыстары үшін 840 мың теңге көлемінде демеу қаржы (субсидия) алған. Шаруа қожалығындағы субсидияланған 60 аналық ірі қара малдары және 2 асыл тұқымды бұқалары тауарлы табынды түрлендіру Plem. kz бағдарламасына енгізілген.

2014 жылы селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізу үшін субсидия алуға «Ахметова С.К.» шаруа қожалығынан өтініш түсті.

Осы өтінішке байланысты шаруа қожалығындағы ірі қара малдары мен сатып алған асыл тұқымды бұқаның талаптарға сәйкестігі тексерілді. Селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізуге субсидия алу үшін «Укибаев Мухтар» шаруа қожалығынан өтініш түсіп, шаруашылығын тексеріп беруді сұрады. Ол өтінігш те қанағаттандырылды.

Қорыта айтқанда, қала бойынша 3 шаруа қожалықтары («Үкібаев М.», «Ахметова С.К.» және «Укибаев Мухтар») 100 пайыз асыл тұқымды бұқалармен қамтылып, ірі қара малдарының есебі толық Plem. kz сараптамалық ақпарат жүйесіне енгізілді. Егер, талдап айтар болсақ, «Ахметова С.К.» шаруа қожалығы Жанаарқа ауданындағы «Ескене» шаруа қожалығынан (иесі Толеуов А.) 1 бас асыл тұқымды бұқаны (қазақтың ақ бас сиырының тұқымы) 340 мың теңгеге, «Үкібаев Мұхтар» шаруа қожалығы Шет ауданындағы «Ақжол» шаруа қожалығынан (иесі Баеділов Ж.) 1 бас асыл тұқымды бұқаны (қазақтың ақ бас сиырының тұқымы) 350 мың теңгеге сатып алған.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сүхбаттасқан Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.