Насихат жалғасуда

20150206-05-1Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған қалалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасындағы кеншілермен кездесті. Ақпараттық топ мүшелері, қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сұлтанбек Ешмаханов Елбасы Жолдауындағы басым бағыттар жөнінде баяндады.

– Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауында жеті бағытқа басымдық берілген. Олардың әрқайсы да ел үшін маңызды. Жаңа экономикалық саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталады. Елбасы Үкіметке халық алдында әлеуметтік міндеттерді орындауды тапсырды. Сонымен қатар, ел экономикасының өсіміне әсер ететін салаларды қолдау керектігін баса айтты. «Ұлттық қордағы қаражатты халық игілігіне жұмсау керек», деген Президент шағын және орта бизнес үшін қосымша 100 млрд. теңге бөліп, азық-түлік, химия өнеркәсібі, көлік құрастыру және қызмет көрсету салаларын дамытуды тапсырды. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Жезқазған аймағын экономикалық дамытудың бағдарламаларын да жүзеге асыру жоспарлануда. Ол үшін көлік инфрақұрылымын дамытып, аймақтың екінші тынысын ашуға қадамдар жасалуда, – деді С.Ешмаханов.

Кеншілер қауымымен жүздесуде діни сенім сұрақтары жөніндегі орталықтың инспекторы Мәди Берлібеков қазіргі күні қазақ қоғамын алаңдатып отырған діннің жайын талқыға салса, «Қазақтелеком» АҚ өкілі Аслан Қалмағамбетов «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі жайында ақпарат ұсынды.

Жиын барысында кеншілер қауымы топ мүшелеріне сұрақтарын қойып, ой бөлісті.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.