Ассамблея – тұтастығымыздың алтын діңгегі

Құрметті қала тұрғындары! Уважаемые жители города!

1995 жылғы 1 наурызда жаңа институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

Бұл тарихи күн Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының, қазіргі мемлекеттік құрылымның орнығуының, түпкілікті әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулар жүргізудің, бейбітшілік, бірлік пен Қазақстан халқының қоғамдық келісім идеясын іске асырудың бастапқы нүктесіне айналды деуге болады.

Қазір Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату-тәтті өмір сүруде! Біз — көпұлтты елміз, бізде барлығы халықтар арасындағы сенімге, достыққа және сыйластыққа негізделген.

2014 жылғы 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХІ сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті, Ассамблея Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады.

Бүгін, 6 ақпанда, республика бойынша бір мезгілде «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуы» атты салтанатты синхрондық акция өткізілуде. Сіздерді, құрметті жерлестер, осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз және қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуға ерекше үлес қосатындықтарыңызға зор сенім білдіре отырып, баршаңызға құт-береке және бейбіт өмір тілейміз. Азат еліміздің тұғыры әрдайым берік, болашағы жарқын болсын!

 

1 марта 1995 года был подписан Указ Президента Республики Казахстан о создании нового института – Ассамблеи народа Казахстана.

Можно сказать, что эта историческая дата стала новой точкой отсчета в построении Независимого Казахстана, создании современного государственного устройства, проведении коренных социально-экономических преобразований, воплощении в жизнь идеи мира, единства и общественного согласия народа Казахстана.

Современный Казахстан – государство, в котором бок о бок в мире и согласии, дружбе и единстве живут более 130-ти национальностей и народностей. Мы – страна многонациональная, у нас все основывается на доверии, дружбе и взаимоуважении между народами.

18 апреля 2014 года на ХХІ сессии Ассамблеи 2015 год был объявлен Президентом Республики Казахстан, Председателем Ассамблеи Н.А.Назарбаевым – Годом Ассамблеи народа Казахстана.

Сегодня, 6 февраля, по всей республике проводится торжественная синхрон-акция «Старт года Ассамблеи народа Казахстана». Мы сердечно поздравляем вас, уважемые земляки, с началом года Ассамблеи народа Казахстана и выражем глубокую уверенность в том, что вы внесете большой вклад в дело укрепления общественного согласия и единства народа. Желаем вам мира, добра и благополучия.

Пусть процветает в веках наша Родина – Казахстан!

 

Сәтбаев қаласының әкімі Ә.Омар. Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.Хмилярчук.

Аким г.Сатпаев Ә.Омар. Секретарь городского маслихата Т.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.