Жауынгер-интернационалистермен кездесті

20150221-12-2Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 26 жыл толуына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған жауынгер – интернационалистермен кездесу кеші қаламыздағы №16 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.

Мектеп мұғалімі З.Сафинова және мектеп кітапханашылары А.Жүнісова мен М.Садақбаеваның ұйымдастыруымен өткен «Ауғанның от-жалыны» тақырыбындағы кездесу кешіне қаламызда тұрып жатқан жауынгер-интернационалистер – Хайрулла Утемисов, Қайрат Амралинов, Хайдар Мухаметгалиев қатысты. Кездесу барысында ардагерлер Ауған жерінде өткерген жылдары, әскери жолдың қиындығы мен әскери міндеттерін абыроймен атқарғандары жайында әңгімеледі.

Бүгінгі күні елімізде жастардың патриоттық тәрбиесіне зор көңіл аударылуда. Кездесуде жоғары сынып оқушылары ержүрек жерлестерінің Отан алдындағы борыштарын мінсіз атқарғандықтарының куәсі болды.

Г.Бокаева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.