Ендігі бәсеке – аймақтық дода

20150221-12-4Өткен жексенбі күні шаһарымызда ел Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблея-сының 20 жылдығына орайластырып қысқы спортты дамыту мақсатында «Ақ қыс-2015» спартакиадасы өтті.

«Арена-2005» Мұз сарайында жарыстың салтанатты ашылуы болып, қала басшысының орынбасары Серік Имамбай қатысушыларға сәттілік тіледі. Қала мекемелерінен жүзге жуық спортты серік еткен азаматтар бұл күні мұз айдынында конькимен жылдамдыққа жүгіруден, №1 мектеп-гимназиясында Президенттік көп сайыстардан бақ сынады.

Жарыс соңында Серік Сағынатұлы іріктеу кезеңінде үздік шыққандарды марапаттап, сый-сияпат тапсырды. Спорттық сайыста бірнеше спорт түрінен жоғары көрсеткіш көрсеткендер облыстық спартакиадаға жолдама алды.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.