Ардагерлер – асылымыз

20150227-02-02Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына байланысты біздің мектепте түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Бекітілген жоспар аясында біз ардагер Байбосынов Шермұханбет атайдың үйіне барған едік. Майданда болған жауынгердің үйіндегі кездесу біз үшін үлкен қуаныш болды.

Атамыздың хал-жағдайын сұрап, ұзақ әңгімелестік. Атайға арнап шығармалар, өлеңдер оқып бердік. Өз кезегінде ардагер бізге ризашылығын айтты.

Кешегі жауынгер отбасы жайлы көп сөйледі. «Отбасы – шағын мемлекет. Менің отбасым тату-тәтті өмір кешуде. Татулықтың сыры құрмет пен сыйластықта» екенін айтып, өсиеттерін жеткізді. «Адамды адам ететін еңбек. Еңбек бар жерде тірлік бар. Ал еңбек ету үшін сапалы білім алыңдар, ешқашан жалқаулыққа жол бермеңдер. Ата-аналарыңды құрметтеп, сыйлаңдар» – деді.

Маған бұл өсиеттер өте қатты әсер етті. Мына жарық дүниені сыйлаған ата-анамды, Тәуелсіздікті алып берген ардагерлерді, санамызға білім құйған ұстаздарды құрметтеп, елімізге қандай да бір игі істер істеуіміз – Отан алдындағы борышымыз екенін түсіндім. Ардагер атамызға шексіз алғысымызды айтып, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Назерке құлан, №1 мектеп-гимназиясының 7 А сынып оқушысы.

Комментарии закрыты.