Кезектен тыс өткен конференция

20150306-03-02Сейсенбі күні Жезқазған қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында партияның «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының кезектен тыс XVI конференциясы өтті. Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға Сәтбаев қаласының әкімі Әнуар Омар, Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов, облыстық, жергілікті мәслихат депутаттары, филиалдың Саяси кеңесінің мүшелері, партияның бастауыш ұйым төрағалары қатысты.

Кезектен тыс XVI конференцияның жұмысына 150 делегат сайланған.

Партияның бұл жиынында сәуірдің 26 күні өтетін Президент сайлауына партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын ұсыну, филиалдың Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу туралы, облыстық конференцияға делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

Күн тәртібінде көтерілген мәселелерге байланысты энергетика басқармасы бастауыш партия ұйымының төрағасы Яхия Асатов, «Жезқазған аймағы кәсіпкерлері қауымдастығы» төрағасы Николай Распопов Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді.

Конференция одан әрі марапаттауға ұласып, бірнеше белсенді азаматтар «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Бауыржан Қабденұлы партия қатарына қабылданған бір топ азаматтарға партияның жаңа үлгідегі куәлігін тапсырды.

Сондай-ақ, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай корпорацияның өндіріс ошақтарында партия жұмысына белсене атсалысып жүрген бір топ нәзік жандыларға да құрмет-қошемет көрсетілді.

Жиын соңында партияның 30 мүшесі наурыздың 4 күні өткен облыстық конференция жұмысына делегат болып бекітілді.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.