Қала тынысы пысықталды

Сейсенбі күні қала әкімінің орынбасары А.Кимнің төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтіп, өткен аптада атқарылған жұмыстардың барысы пысықталды.

Жиынды бастамас бұрын әкім орынбасары Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Мейіржан Балтабайұлы Мухәділді қала активіне таныстырып, жаңа лауазымымен құттықтады.

Аппараттық жиында жылу беру маусымының жүру барысын, қаланың санитарлық тазалығын пысықтап өткен А.Ким көктем айында орын алатын төтенше жағдайларға даярлықты күн тәртібінен түсірмеу қажеттігін баса айтты. Бюджеттің орындалысы жөніндегі есепті тыңдап, қазіргі таңда ауылшаруашылығын дамытуға арналған жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Көктем айының келуіне орай қар тазалау, қаланы қоқыстан арылту мәселесі өткір тұратынын ескерткен А.Ким қалалық мекемелердегі бұл бағыттағы жұмыстарды мейлінше жандандыру қажеттілігіне тоқталды. Қала әкімінің орынбасары сондай-ақ, биылғы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетінін айта келе, бұл науқанның ел өміріндегі алатын маңызы ерекше екенін жеткізді.

Аппараттық жиында сондай-ақ, кәсіпкерлік саласының түйткілді мәселелері, түрлі аурулардың алдын алу шаралары кеңінен талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.

Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.