Грек-рим күресінен ашық біріншілік

Сәтбаев қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 1999-2001, 2002 жылы туылғандар жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен ашық біріншілік өткізудегі басты мақсат – балалардың спортқа деген ынтасын арттырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу, аймақта спорттың осы түрін өркендету.

Жезқазған қаласының мәдени-сауықтыру спорт орталығы, қатар тұрған қос қаланың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 23, 26, 29, 32, 35, 38, 42, 47, 53, 59, 66 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңның шаңын шығарды. Нәтижесінде он бес спортшы бірінші, тағы бір он бесі екінші орындарды жеңіп алса, отызға жуығы үшінші орынды місе тұтты. Олардың арасында Досбол Құрманғали, Елнұр Сапарғали, Мұратхан Мұратбеков, Алмас Құндарбаев, Олжас Смағұл, Шерхан Өзбек, Даулет Мұхамадиев, Бақытжан Көбей жеңіс тұғырынан көрінді. Жүлдегерлердің барлығы қалалық спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен заттай сыйлығына ие болды.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ.

Комментарии закрыты.