Аймақтық кезең мәреге жетті

20150319-05-02Жақында «KATEV» Халы-қаралық қоғамдық қорының ұйымдас-тыруымен 7-ші мәрте өткен «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аймақтық кезеңі мәреге жетті.

Қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденістік қабілеттерін шыңдау ниетінде ұйымдастырылатын тіл додасына биыл Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның 6 оқушысы бақ сынап, оның үшеуі республикалық байқауға қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл олимпиадада гимназия шәкірттері – Вера Анашкина «Сөз шебері» байқауында ІІІ орынды, Тоғжан Әбдіразақова І орынды иеленді. «Әнші бұлбұлдар» байқауында Анита Гатиятованың өнерін қазылар алқасы І орынға лайық деп таныса, «Жазушылар» байқауында өз қатарластарынан оза шыққан Кристина Косқа ІІ орынды тапсырды.

Ал, «Тілші, әдебиетшілерден» І орынның жүлдесін Рүстем Трапаков, ІІ орынның жүлдесін Жайна Ділдебаева қоржындарына салып қайтты.

Аймақ жастарының арасынан дара шыққан Рүстем Трапаков, Тоғжан Әбдіразақова және Анита Галиуллина білімдерін енді республикалық олимпиадада сынамақ.

Оқушылардың биік белестен көрінулерінде гимназия мұғалімдері Амангелді Бұқар, Шолпан Баймағамбетова, Ақмарал Мейірманова мен Анита Галиуллинаның еңбегі ұшан-теңіз.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.