Аула клубы Әз-Наурызды тойлады

20150319-04-03Түбі бір түркі жұртына ортақ Әз-Наурыз мерекесі «Қайрат» аула клубында өтті.

Қазақ, өзбек ұлтының салт-дәстүрі, биі биленіп, әні шырқалған мерекелік кешке қала әкімінің кеңесшісі Марал Мәдиева қатысып, жиналғандарды жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Қойы қоралас, малы аралас» ұлттар бір дастархан басында мерекелік көңіл-күйде отырып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Биылғы жыл еліміз үшін аса мерейлі де мерекелі жыл. Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп отырған 130-дан аса ұлттың ұлы мерекелері тойланып, салт-дәстүрлерінің ұмытылмай жаңғырып отыруына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылып, бүгінде 20 жасқа толған Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған рөлі орасан зор екендігін кеште бас қосқан ұлт өкілдері де мақтанышпен айтып, елдегі татулықтың, тұтастықтың мәңгілік болуына тілектестіктерін жеткізді.

Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.