Сайлауға қатысу – міндетің

Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңесінде Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауын өткізу ұсынылды. Бұл мәселе Парламент депутаттары арасында, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және еңбек ұжымдарында қызу талқыланды. Қазақстан халқы сайлауды өткізу бастамасына қызу қолдау білдіруде. Осы бастаманы Сәтбаев қаласының тұрғындары да қолдады.

Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы деп көрсетілген.

Сайлаушы бейқамдық көрсетпей, өзінің ішкі сенімі мен таңдауына сүйене отырып, дауыс береді. Осы жасаған таңдауымыз арқылы болашағымыз айқындалады. Себебі, өз елі үшін жаны ауыратындығының, алаңдайтындығының белгісі болып табылады. Мемлекетімізде сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына барлық жағдайлар жасалған. Әр азамат сайлауға қатысу менің құқығым және міндетім деп білуі тиіс.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тікелей эфирден халыққа арнаған үндеуінде Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетінін жария етті. Сондықтан, Сәтбаев қаласы азаматтарының сайлауда өз еркін білдіруге және дұрыс таңдау жасауға толық мүмкіндігі бар.

Қ.Жанасылова, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты.

Комментарии закрыты.