Турнир мәреге жетті

20150403-12-2Сейсенбі күні қазақтың біртуар ұлы тұлғасы, ғұлама ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне арналған 2000-2002 және 2003-2005 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы футболдан шағын турнир мәресіне жетті.

Бұл турнирге жасыл алаңдағы ала доп иелерінен құралған 20 команда қатысты. Ақтық сынға жолдама алған 2003-2005 жылғы жасөспірімдер командасынан «Тұлпар» ІІІ орынды, «Арман» тобы ІІ орынды, ал «Сарыарқа» тобы І орынға ие болды.

2000-2002 жылы туылған кіші жасөспірмдер арасынан ІІІ орынның жүлдесін «Жастар» тобы, ІІ орынды «Сарыарқа» тобы иеленді. «Монолит» командасы І орынға табан тіреді.

Сондай-ақ, ойын барысында ерекше көзге түскен жекелеген ойыншылар да марапатталды.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.