Жәрдемші болған жәрмеңке

20150410-03-3«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тұрғызу, өмір сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жүргізуде. Партияның

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында Сәтбаев қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі және жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Аталған жоба мүгедектерді тұрақты жұмысқа тұрғызу, кедергісіз жағдай жасау, қоғам назарын мүгедектер мәселесіне аударуға бағытталған ақпараттандыру жұмысын күшейту және мүгедектердің құқығын тиімді қорғайтын құқықтық алаң құру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Бүгінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне проблемаларын шешуді сұрап келетін жандардың қатары артқан.

– Мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенді әлеуметтік ортаға тарту мәселесін бірлесіп шешуіміз керек. Бұл үдерісті үйлестіруге барлық ресурстар жұмсалатын болады. Партия доктринасында көрініс тапқан құндылық – ынтымақтастық дегеніміз осы, – деп атап өтті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Асқар Шоқпытов.

Аталмыш жәрмеңкеге 15 мекеме қатысып, 54 бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыс іздеп келген 74 адамның 10-ы өз мамандығы бойынша қажетті жұмыс орнына орналасып үлгерді. «Кедергісіз келешек» жобасы аясындағы жәрмеңкені өткізу алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.