От кешкен аруларға арналды

20150410-12-2Бүгінгі күні Жеңіс күнін жақындатқандардың ерліктерін ұмытпай ән мен жырға қосып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру – парызымыз. Соғыс өрті өшіп, қайғы-мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге – 70 жыл. Елін сүйген ерлердің арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз.

Біздің №16 жалпы орта білім беретін мектепте Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Инабат» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Ару қыздар – алаулап от кешкендер» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Бұл сабақ сол бір сұрапыл соғыста қаһармандықпен күресіп, ерлік көрсеткен қазақтың қайсар қыздары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың бейнелерін келешек ұрпақтың мәңгі есінде қалдыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Инабат» қыздар клубының жетекшілері және клубтың қатысушылары Ұлы Отан соғысында майдан шебінде жауларға қарсы күрескен осы батыр қыздарымыздың өмірі, балалық шағы, ата-анасына, туғандарына майданнан жазған хаттары, ерлікпен, қаһармандықпен қаза тапқандары жайлы баяндап, бейнефильмдер көрсетті.

Кештің шымылдығы Қайырбек Аяулымның орындауындағы «Әлия» әнімен және Игілік Нұрайымның «Қазақстаным, алға» әнімен жабылды.

А.Нұргазинова, «Инабат» қыздар клубының жетекшісі.

Комментарии закрыты.