Кең ауқымды кездесу

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында және діни сенім сұрақтары бойынша орталықтың жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобының мүшелері – Сұлтанбек Ешмаханов, Гүлмира Аманжолова, Аян Сартаев өткен жұма күні № 44 өрт сөндіру мекемесі мен Солтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен кездесті.

Кең ауқымда өткен кездесуде топ мүшелері Елбасының Жолдауын, қазіргі аймақтағы діни ахуалдың жайын сөз етті.

Орайы түскен кездесуді қос мекеменің ұжымы да ұтымды пайдаланып, көкейдегі көп сауалды жолдады. Әсіресе, діни ахуал төңірегінде өзекті сұрақтар қойылды. Сирияға кеткен балалардың елге оралу жайы тілге тиек етілді.

Кездесуде коммунал-дық шаруашылықтың да жай-күйі айтылды. Көшелерді жарықтандыру, асфальттау сынды өзекті мәселелерге мән берілу қажеттігін айтқан ұжым қызметкерлеріне топ мүшелері көтерілген сұрақтарды жергілікті билік өкілдеріне жеткізетіндіктерін айтты.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.