Басым бағыттар түсіндірілді

20150424-03-4Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауын кеңінен түсіндіріп, жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-насихат тобы мүшелері №5 «Нұрбөбек» балабақшасы тәрбиешілерімен кездесті.

Жолдаудың басым бағыттарын түсіндірген ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сұлтанбек Ешмаханов көп ұлтты еліміздің ынтымағы мен бірлігінің басты назарда екенін атап өтті. Дін өкілдерінің әр уақытта елдің бірлігіне қызмет етуге қажет екендігі айтылды.

Топ мүшелерінің айтуынша, «Бизнестің жол картасы», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары бойынша жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы тілге тиек етілді. Алдағы уақытта осы отбасылардың әл-ауқаты жақсара түспек. Сонымен қатар, Елбасының білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлгені аталды. Бүгінгі күні әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелердің бірі – мектептердің жаңадан салынуы. Сапалы білім ордасы бала жағдайының жақсаруы, оқу сапасының артуына ықпал етпек. Жолдаудың әрбір қазақстандықтың жағдайын, тұрмысын жақсартуға, экономиканың өсуіне бағытталғандығы сөз болды.

Ең бастысы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізіліп, осы мәселеге қатысты өткізілетін шаралардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылатынын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның орындалуына қатысты қатаң қадағалау жүргізілетінін баса айтты. Сонымен қатар, «Қазтелерадио» АҚ-ның Жезқазған қаласындағы сату орталығының бас маманы Аслан Қалмағанбетов «Отау ТВ» ҚР-ның ұлттық телехабар таралымы қызметі турасында толық мәлімет берді.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.