Тағы да қоныс тойы

Өндіріс аймағындағы елді мекендерді қауіпсіз жерге көшіру мақсатында жүргізіліп жатқан ауқымды шара күн өткен сайын қарқын ала түсуде…

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік тұрғыдан дамыту бағытындағы Кешенді жоспар аясында іске асырылып жатқан бұл жұмыстардың нәтижесіне ел куә. Қаланың батыс аймағында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерге апта сайын демесек те, ай сайын тұрғындар қоныстанып жатыр. Сондай қоныс тойы іркес-тіркес екі рет тойланды. Бұған дейін Абай көшесі 7/2 үйдің жаңа тұрғындары жайлы пәтерлерінің кілтін алып, мәре-сәре болса, сейсенбіде осы көшедегі 7/1 үйдің 45 тұрғыны жаңа пәтерлерінің табалдырығын аттады. Жезқазған поселкесінен қоныс аударғалы отырған жерлестерімізге заманауи үлгіде салынған жаңа пәтердің кілтін қала әкімінің орынбасары Сұлтан Нарботаев тапсырып, тұрғындарға қоныс құтты болсын айтты.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.